Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін «жынды» мексикалықпен жұдырықтасады
30 жастағы Олимпиада чемпионының қарсыласы 33 жастағы Данте Хардон екені анықталды. Жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді.
Боксшылар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күреседі. Қазір бұл титул «жынды» лақап атымен танымал Данте Хардонға тиесілі. Осы кештің андеркартында ауыр салмақтағы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен жекпе-жек өткізеді.
Дереккөз: Vesti.kz