Collins сөздігі жыл сөзін атады

⌚ Lifestyle
25.11.2021
Просмотров: 150

Ағылшын басылымы 2021 жылдың басты сөзі деп NFT аббревиатурасын таңдады. Биыл өзара алмастырылмайтын токен сөзінің қолданылуы былтырға қарағанда 11 000%-ға өскен.

Collins-тың басшысы Алекс Бикрофттың айтуынша, NFT сөзі биыл газет-журнал, интернет басылымдарды ашсаң болды, барлық жерде кездесетін. Қаржы жайлы мақаладан бастап, мәдениет туралы материалдарға дейін. Айта кетейін, NFT — өзара алмастырылмайтын токен – бұл цифрлық активті иелену туралы сертификат. Биыл NFT-форматында неше түрлі дүние сатылды. Мысалы, Майк Винкельман деген суретшінің «5000 күн» атты туындысы Christie’s аукционында рекордты $69,3 млн долларға сатылды. Сонымен қатар, NFT-де цифрлық үй, жиһаз, әнді сатып алуға болады.

Дереккөз: Guardian 

Метки: Collin's NFT

Так же вам может быть интересно