Чехиялық миллионер Германиядағы автобанда 417 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті
Bugatti Chiron иесі Радим Пассер осындай сенуге қиын жылдамдықпен жасаған қысқа сапарын видеоға түсіріп, YouTube-ке жүктеген. Ондағы қаралымдардың саны 10 миллионға жақындап қалды.
Айта кету керек, Германия автобандарында ресми жылдамдық шектеуі жоқ. Алайда, қылмыстық кодексте «ерсі жылдамдық пен ессіз айдау мәнері» жол ережесін бұзу болып саналады деген тармақ бар. Жергілікті прокуратура оған сүйеніп чехиялық миллионерді істі қылмақшы.
Дереккөз: BBC