Chanel AirPods-қа арналған мойынға тағатын жаңа қап ойлап шығарды
Дизайнерлер әшекейдің практикалық құндылығымен қатар эстетикалық жағын да ойластырған.
Ақ және металлик түсті қап брендтың бәріне танымал логотипімен безендірілген. Ал інжу пішіндес шыныдан жасалған моншақ қапты мойынға тағып жүруге мүмкіндік береді. Люкс әшекейдің құны 277 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңгеге дейін жетеді. Енді бұл Chanel ғой. Еске салайық, былтыр француз сән үйі AirPods-қа арналған твидтен жасалған және сырмалы қап шығарған еді. Айта кетейік, AirPods-тың 3 буыны осы күзде шығады деп күтілуде.