Бүгіннен бастап Алакөлге қатынайтын жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
«Алматы — Достық» бағытындағы пойыз 28 тамызға дейін аптасына екі рет қатынайды: Алакөлге қарай сейсенбі мен сенбі күндері.
Одан бөлек 18 маусымынан бастап «Алматы-Достық» бағыты бойынша аптасына үш рет тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар Нұр-сұлтан қаласынан қолданыстағы жолаушылар пойыздары кемінде екі вагонға ұлғайтылады. Жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны мезгіл-мезгілімен көбейетін болады.
Дереккөз: BAQ.kz