Бүкіл адамзатты байланыстыратын дәнекер: италиялық басылым Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

🎼 Музыка
17.10.2024
Просмотров: 66

«Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты материал мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын «Pensiero» басылымында шықты.

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп баға береді.

«Бізді әлемнің сексен елінен келген қырық мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік»,

— деп жазылған мақалада.

Дереккөз: dimashnews 

Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

 

Так же вам может быть интересно