Бүгіннен бастап Алматыда метро қайта іске қосылды

🇰🇿 Новости Казахстана
17.01.2022
Просмотров: 123

Қаланың мобильділік басқармасының хабарлауынша, метрополитен сағат таңғы 07:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пойыздардың қозғалыс интервалы адам көп қатынайтын уақытта 10 минут, басқа уақытта 13 минутты құрайды. Сонымен қатар 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылды. Осылайша, қалалық маршруттар сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін,  қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дереккөз: Спутник

Метки: Алматы

Так же вам может быть интересно