Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі
Жаңа мереке 2016 жылы бекітілген болатын.
Бұл — Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностарды құшақ жая қарсы алған қазақ халқына алғыс білдіру күні. Мерекеге орай Елордада «Тағзым» керуені бірқатар іс-шара ұйымдастырып отыр. Мысалы, Ұлы Отан соғысы ардегерлерін, жалғызбасты қарттарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстайды.
Дереккөз: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Фото: Assembly.kz