BTS тобының жаңа әні 180 америкалық радиостанциясында шығып, рекорд орнатты

🎼 Музыка
27.05.2021
Просмотров: 85
bts butter

Оның 40 елдің үздік радиостанциясы қатарында. Оңтүстік Кореялық топтың «Butter» атты жаңа туындысы алғашқы аптада 2 мыңнан астам рет эфирде ойнады.

Алдыңғы рекорд иесі – BTS-тың «Dynamite» әні 171 станцияда ротацияға алынған еді. Аптаның танымал әндері қатарына Jonas Brothers пен диджей Marshmello-дың «Leave Before You Love Me» трегі мен 18 жастағы әнші Оливия Родригоның «Good 4 U» композициясы кірді. Айта кетейік, «Butter» әнінің клипі бір тәулікте 113 млн қаралым жинады. Қазір қаралымның саны 226 миллионнан асты.

Дереккөз: Variety 

Так же вам может быть интересно