Бритни Спирске кітап шығару үшін қағаз жетпей қалды

💎 Селебрити
02.08.2022
Просмотров: 77

40 жастағы әнші мемуарларын шығаруға $15 млн алғытөлем алып қойды. Кітап келесі жылдың басында жарық көреді деп жоспарланған еді.

Алайда шығарылым кейінге қалдырылды. Себебі қағаз жеткіліксіз. Қағаз тапшылығы коронавирус пандемиясы басталғанда пайда болды. Себебі үйде отырған адамдар кітаптарға көптеп тапсырыс бере бастады. Оған қоса, целлюлоза-қағаз фабрика жұмысшылары жаппай жұмыстан кеткен.

Дереккөз: TMZ

 

Так же вам может быть интересно