Бритни Спирс $15 млн-ға өмірбаянын жазады
40 жастағы поп-ханшайымы ештеңені жасырмай, жеке өмірі мен мансабы жайлы айтып береді.
Әнші Simon & Schuster басылым үйімен құны 15 миллиондық келісім-шартқа қол қойды. Бұл АҚШ тарихындағы екінші ең қымбат келісім шарт. Еске салайық, 2017 жылы Барак және Мишель Обама өз мемуарларын басып шығару құқығын 60 миллион долларға бағалаған еді.
Дереккөз: Peopletalk