Британиялық қыз 5 жасында кітап жазып, Гиннесс рекордын орнатты
Белла Джей Дарк әлемдегі ең жас жазушы атанды.
Бүлдіршіннің туындысы «Жоғалған мысық» деп аталады. Онда анасынан кетіп, далада жоғалып қалған кішкентай мысық туралы айтылады. Кітап 1000 данамен сатылды. Белла Джей кітаптың иллюстрациясын да өзі жасап, сурет салу шеберлігін де көрсеткен.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы