Британиялық миллионер ыдыс жуушы қызметін атқарып жүр
Джайлс Фукс есімді кәсіпкер Девон графтығында орналасқан Burgh Island қонақүйінің 70 пайыз акциясының иегері. 1929 жылы ашылған отельде кезінде Агата Кристи мен Уинстон Черчилль тоқтаған.
Танымал отель әрқашан қонақтарға толы. Алайда пандемия басталғалы және шекаралар жабылғаннан кейін, шетелдік қызметшілер жұмыс орындарына жете алмай қалды. Жалпы қонақүй бизнесінде 188 мың қызметші жетіспей тұр. Ал, мәселе шешілгенше, 56 жастағы миллионер уақытша қолына ысқыш пен ыдыс жуатын сұйықтықты алып, басқа қызметкерлерге көмектсесіп жүр.
Дереккөз: The Daily Mail