Британиядан Әл-Фарабидің қолжазбасы табылды
Табылған дүниелердің ішінде Құранның түркі тіліне аударылған алғашқы нұсқасы да бар.
Қолжазба Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы кітапханадан табылған. 10 ғасырдай жат жұртта сақталған құнды жәдігердің елге тек көшірмесі жетті, деп хабарлайды 24.kz. Қолжазбада Фараби өзінің өмір жолын баяндаған. Сондай-ақ бірақтара мақалалары бар. Мұның бәрін ғұлама өз қолымен жазған. Еңбектің құндылығы да сонда. Қазақстанға жеткен құнды қағаздардың көшірмесі жинақталып, кітап болып басылып шығады.