Британияда ондаған адам қар басқан пабта қамалып қалып, құтқарушылар келгенде, кеткісі келмей қалды

🌐 В мире
29.11.2021
Просмотров: 102

Оқиға Ұлыбританияның ең биік пабы атағына ие болған ойын-сауық мекемесінде орын алды.

60-қа жуық адам онда Oasis тобының концертіне келген. Алайда пабта үш күнге қалуға мәжбүр болды. Себебі жолды бір метрлік қар басып қалған. Десе де, келушілер уақытын қызықты өткізді. Мекеме қызметкерлері олар үшін күнде неше түрлі сайыс, караоке ұйымдастырып отырды. Сондықтан құтқарушылар паб қонақтарын шығарып алуға асығып келсе, олар кеткісі келмей қалған.

Дереккөз: TJournal 

Так же вам может быть интересно