Британияда лимон 800 мың теңгеге сатылды, оның жасы 285 жыл

🌐 В мире
01.02.2024
Просмотров: 127

Цитрус жемісі ескі шкаф тартпасынан табылған.

Британиялық отбасы көне жиһазды аукционда сатпақшы болған. Лимон тексеру кезінде шкаф тартпаларының бірінле табылды. Жемістің қабығында «Мисс Бакстерге Лу Франкиниден тарту, 4 қараша, 1739 жыл» деп жазылыпты. Мүмкін бұл сүйіктісіне жіберілген кішігірім сыйлық шығар. Лимон $1,780 долларға сатылды, шкаф болса тек 40 долларға бағаланды.

Дереккөз: UPI 

Фото: Instagram/@brettellsauctions

Так же вам может быть интересно