Британияда интернет алаяқтармен күресу үшін жасанды интеллект әжесі ойлап шығарылды

🤠 Курьезы
06.02.2025
Просмотров: 250

Дэйзи есімді 78 жастағы әже алаяқтардың бүкіл уақытын алып, ызасын келтіреді.

Әжей алаяқтарға тоқу, рецепттер және түнгі аспан туралы әңгімелерін айтып, бастарын қатырады. ЖИ-әженің міндеті — алаяқтардың мүмкіндігінше көп уақытын алып, қалағанын ала алмағанына ашуландыру.

O2 компаниясы боттың қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін телефон әңгімесінің жазбасын жария етті. Алаяқ Дэйзиді оның компьютері вирустарды жұқтырғанына сендірмек болды. «Әже» алаяқты желіде ұстап, көзілдірігін іздеп, жабдықты қосуға және браузер белгішесін табуға тырысты. 

«Тоқтай тұр, балам, көзілдірігім қайда еді, ол компьютерді қалай қосам, мен қайдан білейін деп»,

-алаяқтардың мазасын әбден алады.

Дереккөз: The Guardian 

Фото: Unsplash

 

Так же вам может быть интересно