Бразилиялық боксшы қазақ тілінде Головкин мен Әлімханұлына үндеу жасады
Эскива Фалькао твиттердегі парақшасында қазақша жазба жариялады.
«Екі қазақстандық боксшыны жеңіп әлемді билеймін, Менің қара тізімімде кейбір есімдер бар. Мен нокаут күшімді көрсетемін», деп жазды Фалькао.
«Қазақ тілім! Болашақ қарсыластарды да қазақша сөйлетіп жібердік Фалкао, оянсай!» — деп Әлімханұлы жауап берді.
Фалькао сөзден жеңілгісі келмей:
«Кейбір достарыңыз Нағыз Фалькаоны біледі»,
деген комментарий қалдырды. Айта кетсек, Әлімханұлы Фалькаоның болашақ қарсыласы болуы әбден мүмкін. 33 жастағы бразилиялыық боксшы сондай-ақ Геннадий Головкинмен де күресуге қарсы емес екенін жеткізді.