Бразилияда әйгілі Христостың мүсінінен биік жаңа монумент салынып жатыр

🌐 В мире
12.04.2021
Просмотров: 197
христос

Энкантадо қаласында орналасқан мүсіннің биктігі 43 метр болады.

Бұл Рио-де-Жанейродағы бүкіл әлемге танымал Жарылқаушы Христостың мүсінінен 5 метрге биік. Жаңа монументтің басы мен жайылған қолдарының монтажы аяқталып қойды. Қазір лифт пен 40 метр биіктікте орналасқан көру алаңы салынып жатыр. Мүсін жыл соңына қарай дайын болады деп жоспарлануда. Жобаның құны 350 мың доллар. Десе де, бұл Христостың ең биік мүсіні емес. Мәселен, Индонезияда орналасқан монументтің биіктігі 52 метрден асады. Польшада да одан сәл төменірек мүсін бар.

христос статуя
Рио-де-Жанейродағы Жарылқаушы Христостың мүсіні

Так же вам может быть интересно