Бразилия тұрғыны 2 шақырым биіктікте жалаң аяқ арқанмен жүріп өтіп, рекорд орнатты

🌐 В мире
28.12.2021
Просмотров: 110

34 жастағы Рафаэль Зуньо Бриди әуе шарымен 1868 метр биіктікке көтерілген. Бұл әлемдегі ең биік ғимарат — Бурдж Халифадан екі есе жоғары. 

Рафаэль екі әуе шарының арасында тартылған арқанның үстімен жалаң аяқ жүріп өткен. Осылайша Бразилия тұрғыны слэклайн, яғни екі объектінің арасында арқанмен жүруде әлемдік рекорд орнатты.

Дереккөз: Daily Mail 

Так же вам может быть интересно