Ботсванада әлемдегі ең ірі алмаздың бірі табылды
1098 каратты асыл тас әйгілі Джваненг кенішінен шықты. Дәстүр бойынша, ірі алмазға атау беріледі. Оның құны әзірге белгіленген жоқ.
Айта кетейік, Ботсвана әлемдегі ең ірі алмаздардың мекені. 1758 каратты Sewelô алмазы мен салмағы бойынша әлемде екінші орында тұрған Lesedi la Rona атты 1109 каратты алмаз да осы африкалық мемлекетте табылған. Соңғысы 2017 жылы $53 млн сатылды. Ал тарихтағы ең ірі Куллинан алмазы 1905 жылы Оңтүстік Африкадан шықты. Оның салмағы 3106 каратты құраған. Алайда «Африка жұлдызы» атауына ие болған асыл тасты кейін 9 бөлікке бөлген. Оның 530 караттты бөлігімен Эдуард VII ағылшын королінің асатаяғы безендірілген.
Дереккөз: BBC