Болгариядағы қалада әрбір туылған бала құрметіне жарық шоуы өткізіледі
Мұндай шешімді 343 мың тұрғыны бар Пловдив қаласының басшылығы қабылдады. Онда бала дүниеге келген сайын жаяужол зонасында орналасқан шамдар жымыңдайды.
Илюминацияны медбикелер мен нәрестенің ата-аналары қосады. Ол үшін перзентханада арнайы батырма орнатылған. «Бүгін туылды» атты инсталляция авторы – италиялық суретші Роберто Гарути. Оның басты мақсаты – жергілікті тұрғындарға жарқын болашаққа сеніммен қарау сезімін тудыру.
Дереккөз: themayor.eu