«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды
Қазақстандықтар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсе алады.
Өтініштер 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60%-ға дейін ұлғайтылды.