Бокстан әлем чемпионы қазақша киім киіп, Головкинге үндеу тастады
Орта салмақтағы WBO бойынша әлем чемионы, америкалық Деметриус Андраде Дубайдағы Экспо-2020 халықаралық көрмесіндегі Қазақстан павильонына барған. Желіде жария болған видеода боксшының қазақша тақия мен ұлттық ою-өрнек салынған жилет киіп алғанын көруге болады.
Андраде оны қазақстандықтардың танып, жақсы қарсы алғанын айтты. Содан кейін
«GGG, олар бұл жекпе-жектің өткенін қалайды. Осыны ұйымдастырып, жанкүйерлер қалаған кездесуді берейік. Қазақстан — таңғажайып ел, сол жерге барар күнді асыға күтудемін»,
— деді Деметриус. Еске салайын, Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуі керек еді. Алайда ол екінші орта салмаққа ауысып, британиялық Зак Паркермен жұдырық түйістіруге шешім қабылдаған.
Дереккөз: Sports.kz