Біздің қыздар жарады: Қазақстан тарихында шахматтан алғашқы «алтынды» иеленген Бибісара Асаубаеваны елордада құрметпен қарсы алды
17 жастағы шахматшыны әуежайда жақындары, жанкүйерлері мен Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев салтанатты түрде күтіп алды.
Сондай-ақ Бибісара ведомтсво басшысы Дәурен Абаевпен кездесті. Министр жас шахматшыны құттықтап, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Еске сала кетейік, Варшавада өткен әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атағына ие болды.
Дереккөз: inform.kz