Биыл қазақстандықтар визасыз 40 елге ұша алады

✈️ Путешествия
15.02.2024
Просмотров: 119

Биылдан бастап Қытай, Сейшел аралдары мен Сент-Китс пен Невис визасыз елдер тізіміне қосылды. Сондай-ақ, жақында Таиланд Қазақстанмен визасыз режимді алты айға созды.

Визасыз болу ұзақтығы бойынша жетекші елдер: Грузия – мұнда бір жылға дейін; Армения – алты айға дейін; Сент-Винсент және Гренадин аралдарында алты айға дейін визасыз болуға рұқсат. 90 күнге дейін созылатын қысқа мерзімді сапарға Албания, Андорра, Әзірбайжан, Гаити, Түркияны қарастыруға болады. Айта кетсек, биыл Албания Еуропадағы ең тартымды әрі бюджетті ТОП үш бағыт тізіміне енді.

Так же вам может быть интересно