Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады

🇰🇿 Новости Казахстана
18.03.2022
Просмотров: 454

Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында қазақстандықтарды елдің ортақ мақсатына жұмылдыру көзделген.

Мысалы, «Әр отбасынан бір ағаш» атты челлендж басталмақ. Жаппай ағаш отырғызумен қатар, аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталады. Биыл қазақстандықтар Наурыз мерескесіне орай 5 күн демалады – наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында.

Еске салайық, Алматыда Наурызға орай 80-нен аса түрлі іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді, онда 50-ден аса сәулет нысандары мен қондырғылар орнатылады. Негізгі концерт 21 наурызда сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында өтеді. Сахнада Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдүкенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров және басқа да әншілер өнер көрсетеді.

Дереккөз: Tengrinews 

Метки: Наурыз

Так же вам может быть интересно