Биыл колледждерде тегін оқитын студенттер саны артады
Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін тегін білім алуға жағдай жасап жатыр.
Сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңға дейін өседі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға көп. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады. Сондай-ақ, кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда.
Фото: Pixabay