Биыл қазақстандық түлектер «Алтын белгі» саны бойынша рекорд орнатты
2020-2021 оқу жылының қорытынды аттестациясы бойынша 9 738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл жалпы түлектер санынынң 6,2%-ын құрайды.
Салыстыра кетсек, 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген еді. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1856 түлек.Үздік үштікке Алматы облысы (1432) және Шығыс Қазақстан облысы (738) кірді. Жалпы биыл қазақстандық оқушылар әлемдік зияткерлік байқауларға қатысып, 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан әлемнің 110 елінің арасында бейресми командалық есепте үздік отыздыққа кірді.
Дереккөз: Қазақпарат