Бір басқаннан сөзді анықтайтын клавиатура ойлап шығарылды
![chara chorder lite](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/04/chara-chorder-lite-scaled-e1618294549139.jpg)
CharaChorder Lite пернетақтасы музыкалық аккорд принципі бойынша жұмыс істейді.
Бір уақытта 3 немесе 4 батырманы бассаң болғаны, сөз шыға келеді. Яғни, батырмалардың белгілі комбинациясы сөзді білдіреді. Жүйеге мыңдаған комбинация енгізілген. Алайда қолданушы өз аккордтарын шығара алады! Әзірге пернетақта тек Windows-та бар. Ол Mac, iOS және Android-та жұмыс істей алады. Құрылғының бағасы 299 доллар (шамамен 130 мың теңге).