Танымал адамдардың дауысын клондайтын платформа шығарылды
Marvel.ai деп аталатын платформа жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.
Оның мақсаты танымал актерлар, музыканттар, блогерлер мен спортшылардың дауыстарын жарнамада қолдану. Өйткені көп жұлдыздар мұнымен айналысқысы келсе де, студияға барып, жазылуға уақыттары бола бермейді. Ал Marvel.ai арқылы кез келген адам өз дауысының көшірмесін жасай алады. Сонымен қатар, жасанды интеллект өмірден озған танымал адамдардың дауыстарын да қайта жандандыра алады.
Дереккөз: Dazed