Бешбармақ па Мишлен жұлдызды тағам ба? Ғалымдар сауалнаманың нәтижесімен бөлісті
Сауалнаманы америкалық ғалымдар өткізді. Сұрақ: Таңдау болса, өміріңіздің соңына дейін не жейтін едіңіз? Қарапайым, үйреншікті тамақты ма, әлде таңдаулы, бірегей, Мишлен жұлдызына ие тағамды ма?
Қатысушылардың 70%-ы қарапайым тамақты таңдады. Сүйсініп жейтін тағам ретінде тауық қанаттары, сыр, Цезарь салаты мен сарымсақ нан аталды, деп жазады New York Post. Бала кезімізден танымал тағамдар әрқашан біздің жүрегімізде де, асқазанымызда да ностальгиялық және сентименталды сезім тудырады, сондықтан классика болып қала береді, дейді психолог мамандар.
Фото: Unsplash