Бельгиялық жұмысшылар енді басшылықтан төрт күндік жұмыс аптасын талап ете алады
Мемлекет Еңбек кодексіне осындай жаңарту енгізіп отыр.
Енді қызметкерлер аптасына төрт күн ғана жұмыс істеп, бұрыңғы жалақысын қалдыруды талап ете алады. Ал басшылық өтінімді кері қайтарған жағдайда өз шешімін жазба түрінде түсіндірулері шарт. Одан бөлек компания қызметкерлерінің жұмыстан түскен хабарламалар мен телефон қоңырауларына сағат 23:00-ден таңғы 5:00-ге дейін жауап бермеуге құқығы бар.
Дереккөз: Reuters