Бейжіңде қысқы Паралимпиада-2022 алау эстафетасы басталады

⚽ Спорт
02.03.2022
Просмотров: 183

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі бүгін Аспан храмында өтеді.

Кеше Лондондағы Сток-Мандевиль стадионында 2022 жылғы ойындардың алауы жағылды. Содан кейін алау виртуалды түрде Лондоннан Бейжіңге жіберіледі. XIII қысқы Паралимпиада ойындары Бейжіңде 4-13 наурыз аралығында өтеді. Оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысады. Қазақстанның Паралимпиада құрамасына бес спортшы кірді, олар шаңғы жарысында және биатлонда өнер көрсетеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Так же вам может быть интересно