Бейжіңде Олимпиада қонақтарына робот-бармен қызмет көрсетіп жүр
Ол кез келген коктейльді небәрі 90 секундта әзірлеп бере алады. Дайын болған сусын бардан арнайы жол арқылы үстелдерге жеткізіледі.
Спортшыларға қызмет көрсететін ресторандарда да тағамдарды роботтар беріп отырады. Бұл шаралар әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға көмектеседі. Бүгін Бейжіңде Алау эстафетасы басталды. XXIV Қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-і мен 20 аралығында өтеді. Қазақстаннан Ақ Олимпиадаға 34 спортшы қатысады.
Дереккөз: Business Insider