Бейжің тұрғындарына 40 млн цифрлық юань таратылды

🌐 В мире
16.06.2021
Просмотров: 67
китай цифровой юань1

Бұл 6 миллионнан астам доллар. Шаһардың 200 мың тұрғыны акция барысында 200 юань ұтып алды (шамамен 13 мың теңге). Ақшаны осы айдың 20-сына дейін дүкен, мейрамхана, ойын-сауық орталығы және басқа да орындарда жұмсауға болады. Қытай астанасында электрондық юаньді халық арасында тарату осымен екінші рет өтіп жатыр. Жергілікті билік мұндай науқан арқылы ел тұрғындарын цифрлық ақшаны қолдануға ынталандырмақшы. Қытай цифрлық юаньды шығаруды 2014 жылы жылы бастады. Жаңа ақша алғаш рет былтыр Гонконгпен шекаралас Шэньчжен аймағында қолданылды. Айта кетейін, Қазақстанда да цифрлық теңге осы жылдың аяғына дейін пайда болды деп күтілуде.

Дереккөз: 24.kz 

Так же вам может быть интересно