Бейжің миллиардерлер саны бойынша көш бастады
Forbes-тың мәліметінше, Қытай астанасының жүз тұрғыны 9 нөлден тұратын байлық иелері.
Бұл рейтингтың бұрыңғы көшбасшысы Нью-Йорктен 1 адамға көп. Бір жылдың ішінде Бейжіңде 33 жаңа миллиардер пайда болды. Ал, Нью-Йоркте тек 7. Айта кетейік, Қытай астанасында 21 миллион халық тұрады. «Үлкен алма» қаласында — 8,4 миллион. Бейжіңнің ең бай тұрғыны – TikTok әлеуметтік желісінің иесі Чжан Иминь. Оның байлығы 35,6 миллиард долларға бағаланады. Ал, Нью-Йорктің ең бай тұрғыны – оның басшысы Майкл Блумберг. Оған 59 миллиард доллар тиесілі. Ең көп миллиардер тұратын мемлекеттер тізімінде АҚШ бірінші орынды иеленді. Үздік бестікке Қытай, Үндістан, Германия және Ресей кірді.