«Байдың қызын аламын»: қазақ әні Tik Tok-та хитке айналды

🇰🇿 Новости Казахстана
20.05.2021
Просмотров: 318
тик ток казахская песня

Миллиондаған жазылушылары бар ресейлік тиктокерлер «Байдың қызын аламын» әніне би билеп, миллиондаған қаралымдар мен мыңдаған комментарийлер жинады.

Осылайша Алмат Асыланбектің әні трендке айналды. 11,5-миллиондық аудиториясы бар Юлия Гаврилина би билеп қана қоймай, «Маған бұл ән ұнайды», — деп қазақша жазыпты. Одан басқа Даня Милохин, Аня Антигрустин және басқа да блогерлер әннің «Тiгiдiк» деген сөздерін қайталап салт аттының қимылын көрсетеді. Сонымен қатар, қолымен ақшаны шашып жатқан сыңай танытады. Айта кетейік, «Байдың қызын аламын»  атауына сәйкес ауқатты отбасынан шыққан қыз іздеп жүрген жігіт туралы ән.

@gavrilinaa

men seni jaqsı köremin ❤️🥰 Маған бұл ән ұнайды 👼🏻

♬ оригинальный звук — asel.tolegenovaaa

@danya_milokhin

♬ оригинальный звук — asel.tolegenovaaa

Так же вам может быть интересно