Баян Алагөзованың фильмі Берлин кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына кірді

🎬 Кино
19.01.2022
Просмотров: 166

Жақсы жаңалықпен танымал продюсер өз Инстаграм парақшасында бөлісті. 

«Бақыт» атты картинада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің тағдыры баяндалады. Баян Алагөзова оны түсіру үшін былтыр краудфандинг жариялаған болатын және ерікті түрде қаражат бөлген қазақстандықтарға алғысын білдірді. «Бақыт» фильмі прокатқа биыл көктемде шығады. Айта кетейік, бұдан бұрын 72-ші Берлин кинофестивалінің бағдарламасына қазақстандық «Ақын» фильмінің кіргені туралы хабарланған болатын.  Берлин кинофестивалі ақпанның 10 мен 20-сы аралығында өтеді.

Так же вам может быть интересно