Басқа қаладан келген колледж студенттеріне жол жүру ақысы билетсіз өтеледі

Биылдан бастап басқа қаладан келген колледж студенттеріне жол жүру ақысына 13 мың теңге төленеді. Енді ол үшін растайтын құжаттардың қажеті болмайды.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Бұл оқу аяқталғаннан кейін түлектерге мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын алып, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Спутник
Фото: Pexels