Барлық қазақстандық оқушы 14 ақпаннан бастап мектеп парталарына оралады
Білім және ғылым министрлігі мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшу туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, 24 қаңтардан бастап 600-ге жуық оқушысы бар мектептерде сабақтар офлайн өтсе, одан артық оқушысы бар мектептерде тек 1-4 сынып оқушылары ғана дәстүрлі форматта оқыды. Ал жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алып келді.
Дереккөз: Спутник