Бариста тәрізді кофе дайындап беретін ақылды ыдыс пайда болды

📱 Гаджеты
14.10.2024
Просмотров: 60

GoBrew атты термокружка сүйікті сусынды кез келген жағдайда, әсіресе ыңғайлысы – табиғат аясында қайнатуға мүмкіндік береді.

Құрылғының көлемі 296 мл, ол мобильді қосымшаға Bluetooth арқылы қосылады. Содан кейін телефондағы қосымшада ұнаған рецептті таңдасаң болды, ары қарай кофені дайындау процессін тек бақылап отырасың, ақылды ыдыс барлығын өзі жасайды. GoBrew заряды бір ай пайдалануға жететін литий батареясымен жабдықталған. Ол кофені 80°C-қа дейін жылдам қыздырады және бұл температураны бес сағатқа дейін сақтайды. Гаджеттің бағасы 149 доллар.

Дереккөз: New Atlas 

Так же вам может быть интересно