Балабақшада ерлі-зайыптылардың рөлін ойнаған балалар 20 жылдан кейін шаңырақ көтерді

Балабақшадан кейін қыз бен бала әртүрлі мектепке кетіп, жылдар бойы араласпаған.
Қытайлық қыз бен жігіттің жолдары 2022 жылға дейін қиылыспады. Бір күні спектакльдің видеосы Чжэннің сыныптастары арасында тарады. Бейнежазбаны байқаусызда көрген жігіттің анасы ұлының әйелін сомдаған қызды табу жолдарын іздестіре бастайды. Чжэн үйленбеген, ата-анасы оның бойдақ статусына алаңдап жүрді. Балабақша тәрбиешісінің көмегімен Чжэннің бұрыңғы және болашақ жары табылды, ол да бойдақ болып шықты. Жұртың айтуынша, олар бұрын кездеспегендеріне өкінеді, себебі бірден ғашық болып қалды.
Дереккөз: South China Morning Post