Байқоңырдан ғарышқа әлемдегі алғашқы «киноэкипаж» аттанды

🎬 Кино
05.10.2021
Просмотров: 182

 «Союз МС-19» Байқоңыр ғарыш айлағынан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.55 аттанды. 

Ғарыш кемесінде космонавт Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко бар. Олар «Вызов» атты фильм түсіреді. Бұл ғарышта профессионалды актерлардың қатысуымен өтетін алғашқы кинокартина болмақ. Пересильд пен Шипенко халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болады. Айта кетейік, «Вызов» фильмінің сюжеті бойынша, Иванов деген космонавт естен танып қалады. Дәрігерлер оның жүрегіне шұғыл турде ота жасату керек деп шешеді. Оған көмекке Женя есімді кардиохирург аттанады.

Дереккөз: РИА Новости 

 

Так же вам может быть интересно