Бағаламай келген: Ұлыбританияда бақшада тұрған мүсіндер Ежелгі Мысырлық жәдігер болып шықты

🌐 В мире
13.10.2021
Просмотров: 117

Саффолк графтығында тұратын отбасы көшпекші болып, бақшада тұрған ескі мүсіндерден құтылуға асыққан. Британиялықтар оларды 15 жыл бұрын арзан бағаға сатып алған.

Осы жолы отбасы мүсіндерді $410 және $680-ға сатпақшы болған. Алайда аукционда 15 минут ішінде төрт телефон сатушы мен онлайн сатып алушылар алғашқы бағаны $200 мыңға көтерген. Себебі бұл ежелгі мысырлық жәдігерлер болып шықты. Ақыры мүсіндер $265 мыңға сатылып кетті. Зерттеушілер мүсіндер шамамен 5 мың жаста деген болжам айтып отыр.

 

 

Дереккөз: CNN

Фото: bid.manderauctions.co.uk

Так же вам может быть интересно