АҚШ-та жүздеген миллион генетикалық түрлендірілген маса еркіндікке шығарылады
Олар Флорида-Кис аралдарында Денге безгегіне қарсы күресу үшін арнайы ойлап шығарылған.
Бұл масалар адамды да жануарды да шақпайды. Арнайы гені бар аталық жәндіктер жергілікті аналық масалармен қосылып жаңа ұрпақ әкеледі. Ол ген болашақ ұрпақтың ересек жасына дейін өмір сүруіне жол бермейді. Яғни жаңадан шыққан маса адамды шағатын, безгекті таратын жасына жетіп үлгермейді. Осылайша ғалымдар Денге безгегін тиюдың экологиялық қауіпсіз тәсілін тапты.
Дереккөз: The Guardian