Аяғы жоқ қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

🇰🇿 Новости Казахстана
20.04.2021
Просмотров: 107
эверест

Мария Әуезова 5 мың метрден астам биіктікте орналасқан лагерьге жетті.

«Бұл мүмкін емес!». Бәрі осылай айтатын. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жеттік! Өзімді де, қорқынышымды да жеңдім!»,

– деп жазды Әуезова Instagram парақшасында. Мария осы сапарға бір жарым жыл дайындалған. Оған кәсіби альпинист Вадим Цхе көмектесті. Экспедиция 10 күнге созылды. Мария күн сайын 300 метрге көтеріліп келді. Ол осындай ерлікті жүзеге асырған әлемдегі алғашқы аяғы жоқ қыз. Айта кетейін, Эвересттің биіктігі 8848 метр. Мария 5364 метрлік биіктікте орналасқан лагерьге дейін жеткен.

эверест мария ауэзова
Мария Ауэзова

Так же вам может быть интересно