Австралияда тек 50-ден асқан адамдарға арналған жаттығу залдары ашылды

⌚ Lifestyle
28.03.2022
Просмотров: 107

«Club Active» фитнес орталықтарына 1970 жылға дейін туылған ел тұрғындары ғана кіре алады.

Мұның себебін фитнес орталықтар желісінің басшысы Джонатан Фримен былай деп түсіндірді: 50-ден асқан адамдар жаттығуға келгенде жас адамдардан қысым көреді. Өйткені жастар үлкен кісілерге менсінбей қарап, олардың көңіл-күйлерін түсіреді. Алайда кәсіпкердің идеясын сынға алған адамдар табылды. Джонатан оларға сендердің онсыз да баратын жаттығу залдарын жетерлік деп жауап берді.

Джонатан Фримен

Дереккөз: News.com.au

Так же вам может быть интересно