Аустралиялық блогер өзін түн ортасында оятуға рұқсат беріп, бір айда 16 млн тенге тапты

🌐 В мире
30.06.2022
Просмотров: 129

Джейки Боэм есімді 28 жастағы тик-ток блогер жатын бөлмесін динамиктер, лазер және сабын көбігін шығаратын генератормен жабдықтады. Осы құрылғылар арқылы жазылушылар жігітті кез келген уақытта оята алады.

Мысалы, түнгі сағат екіде Джейки дабстеп музыкасының әуенінен оянуға мәжбүр болды. Жігіттің айтуынша, 7 сағаттық интерактивті ұйқы кезінде оны әр 15-20 секунд сайын оятуға тырысады. Осы айда Джейкидің табысы 20 млн теңгеден аспақ. Иә, блогердің ұйқысы қанбайды, алайда ол табыс келіп тұрғанша бұл істен бас тартпаймын деп отыр.

Дереккөз: Mirror

Видео: TikTok/@jakeyboehm

Метки: TikTok Блогер

Так же вам может быть интересно