Аустралияда ештеңе жасамаудан жарыс өтеді

Мельбурнда нағыз еріншектерге арналған сайыс өтпек.
Ережеге сәйкес, қатысушы бір жарым сағат бойы қимылсыз отыруы керек, жатуға да болады, бірақ көздерің ашық болуы тиіс, яғни ұйықтауға болмайды. Сайысқа қатысушылар күлсе, телефонына қараса немесе ұйықтап қалса, жарыстан шеттетіледі. Финалға екі адам шығады: ең тұрақты пульсы сақталған қатысушы мен көпшілік таңдаған адам. Space-out Competition байқауын алғаш рет 2014 жылы оңтүстік кореялық суретші өкізген. Конкурстың мақсаты – жұмыстағы кәсіби шаршау мәселесіне назар аудару.
Дереккөз: The Guardian
Фото: Korean Cultural Center Hong Kong